Артқа
Артқа

Мамыр айында Медициналық сақтандыру қорына 8,5 млрд теңгеден астам жарна түсті

Өткен айда Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 8,5 млрд теңгеден асып жығылды.

Жалпы алғанда, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлеген медициналық сақтандыру жарнасының көлемі шамамен 71,9 млрд теңгені құрап отыр.

Атап айтқанда, 63,4 млрд теңге (88,2% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлері үшін жасаған төлемдері болса, қалған 8,5 млрд теңге (11% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық негізде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтар арасында жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған жарна Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат МӘМС жүйесі іске қосылғаннан кейін сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

04.06.2018
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПОДПИСАН МЕМОРАНДУМ С ЦЕНТРАЛЬНЫМ ДОМОМ БУХГАЛТЕРОВ О ПОДГОТОВКЕ КОНСУЛЬТАНТОВ ОСМС
ОРТАЛЫҚ БУХГАЛТЕРЛЕР ҮЙІМЕН МӘМС КОНСУЛЬТАНТТАРЫН ДАЯРЛАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қызмет етуі туралы мақсатты аудиторияның хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру жобасы аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры серіктестік бастамаларын кеңейтуді жалғастыруда.
22.04.2025
КЛИЕНТЫ JUSAN BANK БУДУТ ПОЛУЧАТЬ ИНФОРМАЦИЮ ОБ ОСМС
JUSAN BANK КЛИЕНТТЕРІ МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Jusan Bank ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді банктің мобильді қосымшасында медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі пайда болады.
21.04.2025
ПРЕДСТАВИТЕЛИ ФСМС ВСТРЕТИЛИСЬ С КОЛЛЕКТИВОМ МЕРКЕНСКОЙ ЦРБ
ӘМСҚ ӨКІЛДЕРІ МЕРКІ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Меркі аудандық орталық ауруханасында зейнетақы және өзге де аударымдардың кешіктірілуіне байланысты ұжыммен кездесу өтті. ӘМСҚ өкілдері Қор тарапынан медициналық қызметтер үшін төлемдер уақытылы жүргізілетінін және еңбек қатынастарына араласуға құқығы жоқ екенін түсіндірді.
17.04.2025
Барлығын қарау
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу